Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев ұлты қазақ боксшы Руслан Абдуллаевтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жастағы талант22 жастағы Абдуллаев әуесқойда 63,5 келіде өнер көрсетіп, Азия (2022) және әлем чемпионы (2023) болған.
"Құдай қаласа! Өз тәжірибемнен айтайын, кәсіпқой рингте жуырда жаңа патша пайда болады, ол - Руслан Абдуллаев", - деп жазыпты маман Instagram желісінде.
2019-2020 жылдар Руслан Өзбекстанның жастар құрамасына кіре алмай, өз күшін Қазастанда сынап көргісі келді. Абдуллаев Қазақстанның жастар командасына қосылуға талпынып, Қазақстан чемпионатына қатысты. Оңтүстік Қазақстан атынан жұдырықтасқан Руслан ширек финалға дейін жетіп, Сабыржан Аққалықовтан жеңілді де, қола жүлдегр атанды.
Кейін Қазақстанда COVID-19 пандемиясы басталып, жарыстар уақытша тоқтап қалды. Абдуллаевтың өзі де коронавируспен ауырып, келесі жарыстарға қатыса алмады. Ақыры боксшы Өзбекстанға қайта кетіп қалды.