Sports.uz сайтының өзбекстандық журналисті Жалол Ахмедов WBO ұйымының Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жекке міндеттегеніне қатысты ойын жазды.
Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібектің командасына Шираздың тарабымен келіссөз өткізуге 15 күн берді. Ол уақытта боксшылар келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.
"Әлімханұлы үшін өте қауіпті және ауыр жекпе-жек болады", - деп жазыпты журналист Twitter желісінде.