Өзбекстандық журналист Жалол Ахмедов қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
5 сәуір Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғап қалды. Қазақ боксшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
"Басынан соңына дейін үстемдік етті: Жәнібек Әлімханұлы 5 раундта Анауэль Нгамиссенгені күйретіп тастады да, орта дивизионда WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды", - деп жазыпты журналист Х әлеуметтік желісінде.
Бұл Әлімханұлының кәсіпқой карьерасындағы 17-ші жеңісі, оның он екісі нокаутпен. Франциялық боксшы 14 жеңістен кейін карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Ал осы бокс кешіндегі сұхбаты кезінде өзге қазақастандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Әлімханұлымен титул үшін айқасуға келісті.