Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші жекпе-жек және бірден титул үшін
Оушенсайд (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен бкос кешінде ол филиппиндік Джино Родригомен (13-4-2, 11 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтті.
Бесінші раундта Абдуллаев қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Родриго есін жиып, толық сегіз раунд айқасты. Бұл айқаста төрешілер жеңісті ортақ шешіммен өзбекстандық боксшыға берді - 80-71, 80-71, 80-71.
??Ruslan Abdullaev defeated ?? Jino Rodrigo via unanimous decision (80–71) to claim the WBA Continental Americas Gold super lightweight title. pic.twitter.com/grVpB6rpCq
— Jalol Akhmedov?? (@JalolAkhmedov) April 20, 2025
Осылайша, Абдуллаев (2-0, 1 КО) кәсіпқойда екінші жеңісіне жетіп, бірінші титулын иеленді - WBA Continental.
22 жастағы Абдуллаев әуесқойда 63,5 келіде өнер көрсетеді, Руслан Азияның (2022) және әлем чемпионы (2023).
Өзбекстанда қазақ жгітті бокстың жаңа патшсы деп мойындады
Қазақастан таланттан айырылды ма?
2019-2020 жылдар Руслан Өзбекстанның жастар құрамасына кіре алмай, өз күшін Қазастанда сынап көргісі келді. Абдуллаев Қазақстанның жастар командасына қосылуға талпынып, Қазақстан чемпионатына қатысты. Оңтүстік Қазақстан атынан жұдырықтасқан Руслан ширек финалға дейін жетіп, Сабыржан Аққалықовтан жеңілді де, қола жүлдегр атанды.
Кейін Қазақстанда COVID-19 пандемиясы басталып, жарыстар уақытша тоқтап қалды. Абдуллаевтың өзі де коронавируспен ауырып, келесі жарыстарға қатыса алмады. Ақыры боксшы Өзбекстанға қайта кетіп қалды.
Жарнама