Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Странджа кубогінің 1/4 финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келі салмақтағы қазақ боксшының қарсыласы өзбекстандық Абдумалик Халоков болды. Бұл өте тартысты айқас болды, қарсыластар бір-біріне есе жібергісі келмей төрешіден ескерту де алып отырды. Дегенмен бұл кездесуде төрешілер шешімімен Оразбек басым түсті.
Осылайша, жартылай финалға өткен Асылқұлов кемі қола жүлдеге ілгіп отыр.