Өзбекстанның Экология министрілігі боксшы Шахрам Гиясовқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Спортшы аюмен жаттығу өткізгені үшін жазаланды, деп жазады upl.uz.
Боксшыға базалық есептік көрсеткішке сай айыппұл салынды.Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиғаға қатысты барлық тұлғалар, оның ішінде жаттығуды ұйымдастырушылар да түсінік берген. Ал роликтегі аю Ферғана зообағына өткізілді. Гиясов кінәсін мойындап, ендігіде мұндай қайталанбайтынына уәде берді.
2018 жылдан бері ол кәсіпқой боксқа өтіп, 16 жекпе-жектің бәрінде жеңіп, тоғызын нокаутпен аяқтады.