Авторлардың пайымынша, Головкин Сауль "Канело" Альварестен (53-1-2, 36 КО) жеңілгеніне қарамастан рейтингте бірінші, ал мексикалық екінші болды.
2010-2019 жылдар аралығы қазақстандық боксшы 25 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен, бір рет жеңілген және біреуінде тең түскен.
"Альварес Головкинді нокаутқа түсірсе де, GGG рейтингте бірінші болатын еді. Оның екі себебі бар. Біріншісі, ол "еңбек өтілі". Головкин он жыл бойы орта салмақта жұдырықтасып келеді. Ал "Канело" бұл дивизонда үлкен жетістіктер жасағанымен, тиіп-қашып жүрді. Екінші, Головкин 2010 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін "қырғын салғаны" бар. Қазақстандықтың орта салмақта ойран салғаны, "Канеломен" даулы жекпе-жектен кейін қалайша ұмыт бола қалғанын таң қалдырады".
.
2012 жылдан бастап ол орта салмақты шығынға ұшыратып, рейтингтегі үздік алты боксшыны нокаутқа түсірді. Оған ауыр және орта салмақта тең келер ешкім жоқ.
Головкин онжылдықтың жартысында орта дивизионды уысында ұстады, міне біз үшін бастысы. Головкин - ең мықты", - деп жазыпты басылым.
Онжылдықтың The Sweet Science тұжырымы бойынша ең мықты он боксшысы:
1. Геннадий Головкин
2. Сауль Альварес
3. Серхио Мартинес
4. Дэниэл Джейкобс
5. Дэниэл Гил
6. Мигель Котто
7. Билли Джо Сондерс
8. Феликс Штурм
9. Питер Куиллин
10. Дмитрий Пирог