Мексикалық бокс аңызы Сауль "Канело" Альварес (62–2–2, 39 KO) қазан айында кәсіпқой рингтегі дебютінің 20 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды Кaz.vesti.kz.
Жасы 34-ке келгенімен Альварес рингтен кетуге асығар емес, мексикалық карьерасында 66 жекпе-жек өткізіпті, ол ең бай боксшылардың бірі және супержұлдыз мәртебесінде.
Алда төрт міндетті айқас бар
Riyadh Season-мен келісімшарт аясында "Канело" алда төрт жекпе-жекке шығады. Біріншісі 3 мамырда Эр-Риядта өтеді. Қарсыласы жеңіліп көрмеген кубиналық Уильям Скулл (23–0, 9 KO). Бұл жекпе-жекте Альварес екінші орта салмақтағы біраз уақыт бұрын өзі бас тартқан IBF титулын қайтаруға тырысады.
Бұл айқаста Саульдің WBA, WBC, WBO және The Ring титулдары да сарапқа салынды. Скулл The Ring рейтингінде екінші орта дивизионда бесінші орында, ал IBF белбеуін 2023 жылдың қазанында ресейлік Владимир Шишкинді жеңіп иеленген болатын.
Кроуфордқа қарсы мега жекпе-жек
Егер мексикалық жұлдыз Скуллды жеңсе, келесі қарсыласы амеркиалық Теренс Кроуфорд (41–0, 31 KO) болады. Бұл айтулы айқас 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Жеңіл және жартылай орта салмақты бағындырған Кроуфорд бұл кездесуге екі салмақ жоғары көтерілмек.
Ал Альварес өз бабында екенін айтады:
"Өзімді өте жақсы сезініп жүрмін. Қазір мен 26-27 жастағы өзімді де жеңіп кетер едім деп ойлаймын", – деді "Канело".
Сондай-ақ, әлі бірнеше жыл бокста қалатынны жасырмады:
"Осы төрт жекпе-жекті өткізіп алайын. Мен әрдайым 37 жас - спорттан кетуге болатын кез деп үнемі айтып келемін. Бірақ бәрін уақыт көрсетеді", – дейді Альварес The Ring-ке берген сұхбатында.
Сауль Альварес рингке алғаш рет 2005 жылы, небәрі 15 жасында шыққан. Бүгінгі таңда ол өз буынының ең үздік боксшыларының бірі және оның аты Даңқ заласына аты жазылады.
Жарнама