Оскар Де Ла Хойя неге "Канеломен" араздасқанын айтты
"Golden Boy Promotions" компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя не үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен араздасып қалғанын айтып берді, деп жазады Tofight.ru порталы.
"Golden Boy Promotions" компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя не үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен араздасып қалғанын айтып берді, деп жазады Tofight.ru порталы.
Осы жанжалдан кейін промоутер мен боксшы еңбек қатынасын тоқтатқан болатын. Кейін "Канело" Де Ла Хойяны сотқа да берді.
"Біздің арамызда не болғанын көп ойландым. "Канело" мені шынайы болмады деп айыптады. Мен оның не үшін осылай айыптағанын да білемін. Эдди Рейносо туралы сұқбат бергенім есімде. Бірақ мен ол жерде Рейносоны сынамадым. Тек Альвареске бапкер ауыстырып көрсе қалай болады дедім. Техникаға көп көңіл аударатын маманмен жұмыс істесе деп айттым. Кезінде мен де осылай бапкер ауыстырғанмын. Бұл маған көмектесті. Райан Гарсияда бапкерін ауыстырды.
Шамасы бұл айтқаным "Канелоға" ұнамай қалған сияқты. Сосын мен оның алдында сатқын болып шықтым. Дегенмен ештеңе етпейді. Мен кек сақтамаймын", - деді Де Ла Хойя.
Еске салайық, Альварес келесі кездесуін 7 мамыр күні Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Дмитрий Бивол болады.
Жарнама