Бокс
7 желтоқсан 2023 11:38
 
Осал тұсы бар. Сарапшы қазақстандық нокаутшы жеңілетінін айтып отыр

  Пікірлер

blog.share

Осал тұсы бар. Сарапшы қазақстандық нокаутшы жеңілетінін айтып отыр ©instagram.com/batyr_jukembaev/

Белгілі World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Батыр Жүкембаев (21-1, 16 KO) пен франциялық Мохамед Мимун (23-5, 4 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты болжамын айтты. 

32 жастағы қазақ боксшы мен 36 жастағы IBO ұйымының экс чемпионы арасындағы айқас 13 желтоқсан Плант-Ситидегі ProBox TV шоуының аясында өтеді. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген. 

"Бұл қазақстандық боксшы үшін қауіпті қарсылас. Кейінгі айқасында қазақстандық нашар қарсыласпен қиындықтарға ұшырады. Ал франциялық экс чемпион Жүкембаевты жеңіп кете алады. Ол шынымен қатерлі. Матиастан жеңілістен кейін Батыр екінші рет жеңіліп қалуы мүмкін. Қазақстандық техникасы жақсы және соққысы мықты боксшы, бірақ оның шыдамдылығы - ең осал жері. Ол бұл кездесуде фаворит емес", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!