Бокс
25 қыркүйек 2018 15:34
 
Орта салмақтың бұрынғы патшасы Чавеспен жұдырықтасу үшін рингке оралады

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақтың бұрынғы патшасы Чавеспен жұдырықтасу үшін рингке оралады © AKboxing

Орта салмақтың патшасы болған аргентиналық бокс аңызы Серхио Мартинес (51-3-2, 28 КО) мексикалық кіші Хулио Сесар Чавеспен (50-3-1, 32 КО) жұдырықтасу үшін рингке оралмақ, - деп жазады vRINGe сайты BoxingTalk порталына сілтеме жасап. 

Инсайдерлік ақпаратқа маманданған мәлімет көзі қарымта жекпе-жек 17 қараша Лас-Вегаста өтетінін хабарлап отыр. Карьерасын 2015 жылы аяқтаған Мартинес боксшы лицензиясын алған. 

Мұның алдында Мартинес пен Чавес арасында қарымта болмайды деген промоутер Сэмпсон Левковиц (Sampson Boxing) қазір басқаша сөйлеп отыр: "Ештеңе істей алмаймын. Мен табынып жүрген Серхио Мартинестің ісін жүргізбейтін болдым. Дегенмен тағы қайталаймын, мен бұған мүлде қарсымын".

BoxingTalk мәліметінше, жекпе-жекті аменрикада DAZN онлайн-стриммингі трансляциялайтын болады.

Мартинес пен Чавес алғаш 2012 жылы жұдырықтасқан. "Гаухар" белбеудің иегері Мартинес төрешілер шешімімен Чавестен толық қанды белбеуді алып қойған. Алайда Мартинес 12 раундта канвасқа құлап, аяғына әзер тұрған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!