Бокс
Бүгін 09:07
 

Орта салмақта Әлімханұлынан айтарлықтай мықты боксшы табылды

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақта Әлімханұлынан айтарлықтай мықты боксшы табылды ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен британиялық Крис Юбенктің (35-3, 25 KO) жекпе-жектеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен британиялық Крис Юбенктің (35-3, 25 KO) жекпе-жектеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сәуір айының басты айқастары

Сәуірде орта салмақ көшбасшылары бірқатар маңызды жекпе-жектер өткізді. 5 сәуір күні Астанада Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF титулын франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 KO) қарсы жекпе-жекте қорғап, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал 26 сәуір Лондонда (Ұлыбритания) IBF және WBC рейтингінде үшінші тұрған Крис Юбенк отандасы Конор Бенмен (23-1, 14 KO) көптен күткен жекпе-жекке шықты. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен Юбенктің пайдасын шешілді.

Бұл айқастардан кейін Адамес бәскелестерінің шеберлігіне күмәнмен қарады.

Орта салмақтың үздігі кім?

"Кейінгі бірнеш еаптада мен өз салмағымдағы боксшылардың жекпе-жектерін тамашаладым және бәрінен бір саты жоғары тұрғаныма көзім жетті. Қазір мен орта салмақтағы ең мықты боксшымын», - деді Адамес.

Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Бір жанкүйер дивизионның әлсіз екенін айтып, Адаместен үш белбеу үшін Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді сұрады. Алайда доминиканалық чемпион қазақ боксшысының есімін атамастан жауап берді:

"Егер олар әлсіз болса (дивизиондағы боксшылар), бұл менің кінәм емес. Менің міндетім - ең мықты болу", — деп жазды Адамес X әлеуметтік желісінде.

Алимханұлымен айқас бола ма?

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқаны хабарланған болатын. Алайда қазіргі таңда тараптар арасында нақты келісім жасалғаны туралы ресми мәлімет жоқ.


Айта кетейік, Адамес соңғы рет 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түсіп, белбеуін сақтап қалған.

Жеңілмеген проспект! Әлімханұлына рекорды 20-0 қарсылас табылды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!