Орнынан тұра алмады. "Қазақстандық патша" титулды жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілді
"Қазақстандық патша" лақап атты Виктор Коточигов карьерасында екінші рет жеңілді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақстандық патша" лақап атты Виктор Коточигов карьерасында екінші рет жеңілді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол MTK Global менеджерлік компаниясы Ұлыбританияның Болтон қаласында ұйымдастырған бокс кешінде рингке шыққан.
Кәсіпқойдағы 14-ші жекпе-жегін өткізген қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық Гэри Калли болды.
10 раундты айқаста жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы титулы сарапқа салынды. Екінші раундта Коточигов жағынан ауыр соққы алып, қайта тұра алмады. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
? A massive knockout win for @BoxerCully.
— MTK Global Boxing ? (@MTKGlobal) March 12, 2021
? Main event coming up NEXT on ESPN+ and IFL TV.
FREE LIVE STREAM ➡️ https://t.co/Vcu2GNAyhT#MTKFightNight #Boxing pic.twitter.com/8kLLTdTWqA
Еске салайық, қазақстандық боксшы былтыр қазанда өткізген кездесуінде де карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC International титулынан айырылып қалған еді.
Жарнама