Оныншы қазақ боксшы кіші әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Болгарияда өтіп жатқан "Страндж кубогы" халықаралық жарысының ширек финалына шыққан оныншы боксшы, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Болгарияда өтіп жатқан "Страндж кубогы" халықаралық жарысының ширек финалына шыққан оныншы боксшы, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші айналымда Бекбауов 67 келіде франциялық Уго Граудан (5:0) басым түсті, ал жартылай финалға жолдама үшін ол өзбекстандық Джахонгир Рахмоновпен айқасады.
Ал 1/4 финалға Санжар Тәшкенбай, Даниял Сәбит (екеуі де 48 келі), Дамир Әбдіқадыр, Тимур Қабдешов (екеуі де 51 келі), Махмұд Сабырхан (54), Абзал Серік (63,5), Сағындық Тоғамбай (86), Абзал Құттыбеков (92) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден аса) шықты.
Айта кетейік, ширек финалға шыққан боксшыларымыздың бәрі жекпе-жек өткізген жоқ. Тағы бірнеше боксшы бірінші кездесуден кейін жарыс жолын аяқтады. Ал өзге бес салмақтағы 1/4 финал әлі өткен жоқ.
Жарнама