"Жігіттер, көбің бокс тарихын біле бермейсіңдер. Шынын айтайық. Маған Майк Тайсон Даңқ залына кірген боксшының нешеуімен жұдырықтасқанын айтыңдаршы? Алты? Үш? Атап беріңдерші? Майк Спинксті айтудың қажеті жоқ, ол бірінші ауыр салмақтан көтерілген. Ал Ларри Холмстың бабынан тайған кезі.
Екеу? Рахмет. Ол екеуімен ғана жекпе-жекке шықты - Эвандер Холифилд пен Леннокс Льюис, екеуі де оны ұрып жықты. Ал қалғандары қорқақ болатын, сондықтан Даңқ залында жоқ. Екеу ғана! Маған бірдеңе айтар алдында деректерге қараңдар", - дейді ол Instagram желісіндегі тікелей эфирде.
Айта кетейік, Тайсон 1987 мен 1990 жыл аралығы суперауыр салмақта абсолют чемпион болған. Ал 1986 жылы WBC және WBA титулдарын иеленген.