"Онда бәрі бітті". Сарапшы "Канело" мен Головкин арасындағы үшінші айқасқа қатысты
Бірінші орта салмақта әлем чемпионы болған, қазір DAZN платформасының сарапшысы америкалық Серхио Мора мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 KO) және қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) арасындағы үшінші жекпе-жек бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өтуін қолдаймын. Трилогияны ұйымдастырайық. Егер тарихқа қарасаңыздар, "Канело" үшін ең ауыр екі жекпе-жек Головкинмен болды. Содан бері Головкин ешкімнен жеңілген жоқ. Дегенмен Деревянченко сұмдық айқас көрсетіп, оның осал тұстары барын көрсетті.
Алайда одан кейін Головкин не істеді? Ол Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, тамаша шоу көрсетті. Дегенмен ол 39 жасқа келді. Егер үшінші айқас қыркүйекте өтпесе, онда бәрі бітті. 39 жасқа келген адамның әлі де күтуге уақыт бар деп ойламаймын", - деп береді Мораның сөзін Boxingnews24.com.
Жарнама