"Оңай шаруа". Тайсон Фьюри UFC октагонына шығуы мүмкін
Тайсон Фьюридің промоутері Боб Арум өзінің клиенті мен ауыр салмақта UFC чемпионы Фрэнсис Нганну арасындағы айқасқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Тайсон Фьюридің промоутері Боб Арум өзінің клиенті мен ауыр салмақта UFC чемпионы Фрэнсис Нганну арасындағы айқасқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Нганну мен UFC арасында қандай келісімшарт жасалғанын білмеймін. Бірақ Фьюри мен Нганну арасында жекпе-жек ұйымдастыруға болады. Ол оңай шаруа. Бұл туралы ақылдасуға әлі бірталай уақыт бар", - дейді Арум MMAJunkie басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қоса, белгілі промоутер британиялық боксшы осы мәселеге қатысты екі аптадан кейін Лаc-Вегасқа арнайы ұшып келетінін айтты.
Еске салайық, Фьюри жуырда Дилиан Уайтпен титулды айқас өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді. Жекпе-жектен кейін "Сыған королі" кәсіпқой карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
Жарнама