Әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-6, 21 КО) сегізінші раундта Жәнібек Әлімханұлынан (11-0, 7 КО) техникалық нокаутқа түскен сәтте төрешінің жекпе-жекті тоқтатқанына наразы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Видеода Н'Жикам төрешіге: "Жоқ, жоқ. Өлуге дайынмын" дейді. Алайда төреші қысқа қайырды: "Жетер енді, тым артық болады".