Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Испанияға барды. Ұлттық команда халықаралық Boxam турнирінде өнер көрсетеді. Бапкерлер штабы бұл жарыста Олимпиадаға баратын боксшыларды шынықтырып алмақ. Толығырақ Vesti.kz материалында.
Жарыс Кастельон қаласында 7 наруызға дейін өтеді. Мұның алдындағы турнирде біздің боксшылар өздерін көрсете алмады. Осы жолы жігіттерден алтын жүлделер күтеміз.
Оның үстіне Испанияға құрама көшбасшылары барды. Нақтырақ айтқанда, Токио Олимпиадасында өнер көрсететін боксшылар.
Алайда команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына 91 келіде Нұрлан Сапарбай барады. Қамшыбек өткен демалыста кәсіпқойда жекпе-жек өткізді. Қоңқабаев Германияда өтетін ендігі жарысқа дайындалып жатыр.
52 келіге дейінгі салмақта Испанияға Махмуд Сабырхан барды. Ол Сәкен Бибосыновтың орнын басады. Айтпақшы, Бибосынов пен Қоңқабаев Түркиядағы турнирде өнер көрсету керек болған. Алайда бұл турнир жарыс күнтізбесінен шығып қалды.
Кенжебаев Boxam турниріне апарған боксшылар:
- Махмуд Сабырхан (52 келіге дейін);
- Серік Теміржанов (57 келіге дейін);
- Закир Сафиуллин (келіге дейін);
- Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін);
- Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін);
- Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін);
- Василий Левит (91 келіге дейін);
- Нұрлан Сапарбай (91 келіден аса).