Олимпиадаға бармақ. Әлем чемпионы титулдары бар Қазақстан тумасы кәсіпқойдан кетеді

Қазақстан тумасы 30 жастағы Кристина Хаммер (26-1, 12 КО) кәсіпқойдан әуесқой боксқа ауысатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан тумасы 30 жастағы Кристина Хаммер (26-1, 12 КО) кәсіпқойдан әуесқой боксқа ауысатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшы Германия құрамасына қосылып, Токиодағы Олимпиадаға бармақ ниетте. Хаммер 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетпек.
"Мен кәсіпқойдан кетіп, Германияның ұлттық олимпиадалық құрамасына қосыламын. Токиоға жол 75 келіде", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.
Еске салайық, желтоқсанда Хаммер IBF белбеуін және WBC ұйымының "уақытша" чемпионы титулын жеңіп алған. Кәсіпқойда ол екінші орта салмақта - 76,2 келіде жұдырықтасады.
Кристина Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-атанасымен Германияға қоныс аударады. Дортмундта тұрып жатқан боксшы кәсіпқойға 2009 жылы өткен еді.
Жарнама