Бокс
25 қаңтар 2021 13:24

Олимпиада жүлдегерімен "қанды айқастан" кейін қазақ боксшы мәлімдеме жасады

Сурет: RCC Boxing Promotions©
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-3-1, 5 КО) кәсіпқойдағы 15-ші жекпе-жектен кейін өз ойымен бөлісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Екатеринбургте өткен бокс кешінде 27 жастағы Залилов 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері 30 жастағы ресейлік боксшы Владимир Никитинмен (4-1) жұдырықтасты. Сегіз раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті ешкімге бере алмады.

"Қолдау үшін үлкен алғыс! Бұл мен үшін өте маңызды! Бұл қиын жекпе-жек болды, бірақ, мен бұдан үлкен тәжірибе алып шықтым! Ары қарай не боларын білмеймін, өйткені бұл турнир. Не болса да, ары қарайғы шешім маған байланысты емес, мен өз жұмысымды атқардым. 

Бапкер Андрей Напольскихке айқасқа керемет дайындық үшін бөлек алғыс айтамын! Менің рингтегі жұмысым соның жемісі! Әлі тер төгу керек дүниелер бар. Командаға және ұйымдастырушыларға рахмет. 

Көбі менен мұндайды күтпегенін білемін, бірақ, бұл басы ғана. Мен енді үдей түсемін. 2,5 жылдағы менің бірінші лайықты дайындығым. Атқа қайта қонғаныма қуаныштымын! Сындарға дайынмын! Осы сегіздіктегі кез келген қарсыласқа дайынмын! Зымыран ұшуға дайын", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.