Олимпиада жүлдегері ӘЧ-2022 алғашқы кездесуінде жеңілді
Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз өзбекстандық Навбахор Хамидовамен қолғап түйістіріп 3:2 есебімен есе жіберді.
Еске салайық, Шәкімова 2016 жылы Рио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. 2010, 2015 жылдары Азия чемпионы атанды.
ӘЧ-2022 турнирінің алғашқы кездесулерін ұлттық құрама сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) жеңіспен бастады.
Өз кезегінде Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) Надежда Рябец (75 келі) және қазақстандық Ангелина Лукас (52 келі) жарыстан шығып қалды.
Жарнама