Олимпиада чемпионы қыздар үшін бұзықтармен төбелескен

Украиналық боксшы Александр Усик қыздар үшін болған көше төбелесі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Украиналық боксшы Александр Усик қыздар үшін болған көше төбелесі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
"Тамаққа тапсырыс беріп, күтіп тұрғанбыз. Қасымызға бір қыздар келді. Ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып, боқтап тұрды. Досым оларға қарата: "Қыздар, сіздер болмысы бөлек, тамаша жансыздар ғой. Боқтамасаңыздаршы. Сіздерден гүлдің иісі аңқып тұру керек" деді.
"Қасынағы жігіттер менің досыма шүйлікті: "Ей, бұзау, қыздарға не деп тұрсың?" деп. Біреуі менің алдыма келіп, бокстағы тұрысын көрсетті. Ұстадым да, өз қолын өзіне жұмсадым. Одан кейін тағы бір рет басынан, сонымен болды", - дейді Усик.
Жарнама