Бокс
18 қараша 2019 15:30
 
"Ол қабанды жеңу мүмкін емес еді". Ковалев "Канеломен" жекпе-жек туралы шындықты айтты

  Пікірлер

blog.share

"Ол қабанды жеңу мүмкін емес еді". Ковалев "Канеломен" жекпе-жек туралы шындықты айтты © Eurosport

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев өзімен жұдырықтасу үшін екі салмақ жоғары көтерілген мексикалық Сауль "Канело" Альварестен неге жеңілгенін айтты. 

"Әрине, көбің мен балағаттап, ұрсып жатырсыңдар, мен беріле салды деп... Мен де дөрекі жауап қайтара аламын, бірақ, жұмсақтау жеткізейін. Маған бәс тігіп, пайдаға қарық болам дегендерге айтарым - "Канеломен" жекпе-жек үшін менің басымдағы жағдаймен, кедергілермен ол қабанды жеңуге қажетті күйге жету мүмкін болмады. Ақша тігіп, байып кетем дегендерге обалды болыпты. Не айтам, бұл спортта ештеңе білмейді екенсіңдер.

Менде салмақ болған жоқ. Бұл салмаққа ауыртпалықпен, ұйқысыз түндер өткізіп жеттім. Әлбетте, бұл қаржылық жағынан ұтымды ұсыныс болғандықтан. "Канело" және оның командасының есебі жақсы еді. Бір дайындық болды, одан кейін жекпе-жекті тамызға шегерді, екінші дайындық. Одан кейін үшінші. Осылай денсаулық сыр бере бастады. 11-ші раундқа қалай жеткенімді де түсінбедім, жетінші раундтан кейін-ақ жанармай түгесіле бастады", - дейді Ковалев Instagram желісінде жариялаған видеода. 

Жарнама

Живи спортом!