Өкінішіті. WBC Қазақстандағы Конвенцияға қатысты мәлімдеме жасады
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жыл сайынғы (60-шы рет ұйымдастырылуы керек болған) Конвенцияны Қазақстанда өткізбейтін болды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жыл сайынғы (60-шы рет ұйымдастырылуы керек болған) Конвенцияны Қазақстанда өткізбейтін болды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Әлімдік бокс жұлдыздары қатысу керек болған шара 2022 жылдың күзінде өтуі тиіс еді.
"WBC 60-шы рет Қазақстанда ұйымдастырылу керек болған Бүкіләлемдік жыл сайынғы Конвенцияны өткізбейтін болғанын өкінішпен хабарлайды. Бұл шара екі жыл бұрын жоспарланған еді.
Ибрагим Акдрашев жетекшілігіндегі Suleimen Promotions жақсы дайындығын паш етті, алайда, аймақтағы қазіргі жағдай WBC ұйымын бұл шараны шегеруге итермелеп отыр.
WBC алдағы уақытта шараның өтетін нақты орны мен уақытын жария етеді", - делінген хабарламада.
Жарнама