Бокс
17 шілде 2018 14:05
 
"Оған шарттар қоятын біз" - Пакьяо Мейвезермен екінші жекпе-жек жайында

  Пікірлер

blog.share

"Оған шарттар қоятын біз" - Пакьяо Мейвезермен екінші жекпе-жек жайында © Tribuna.com

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион және WBA Regular белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) бес салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Флойд Мейвезермен (50-0-0, 27 КО) қарымта жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. 

"Мейвезер боксқа оралғысы келсе, оған шарттарды біз қоямыз. Менде белбеу бар, қалғаны оған байланысты. Оралғысы келсе екінші жекпе-жек ұйымдастырайық", - деп келтіреді Пакьяоның сөзін Boxing Scene

Флойд Мейвезер 2017 жылы UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жұдырықтасқаннан кейін бокстан кеткен болатын. ал Мэнни Пакьяомен 2015 жылы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Мэнни Пакьяо аргентиналық Лукас Матиссені нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта WBA чемпионы атанды.

Жарнама

Живи спортом!