Бокстан Азия біріншілігінің жетінші күнінде 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Нұрбек Оралбай таиландтық Веерапон Джонгджомен шеберлік байқасты.
Жекпе-жек 3:1 ұпаймен аяқталды. Отандасымыз жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Асланбек Шымбергенов пен Нұрқанат Райыс жартылай финалға шықты.