Нокдауннан кейін есін жиып алған қазақстандық боксшы қарсыласын жеңіп кетті

Қазақстандық Руслан Мадиев (17-2, 6 КО) жартылай орта салмақта WBA Asia титулын жеңіп алды.
Қазақстандық Руслан Мадиев (17-2, 6 КО) жартылай орта салмақта WBA Asia титулын жеңіп алды.
Таиланд астанасы Бангкокта өткен бокс кешінде Руслан филиппиндік Али Канегамен (11-2-1, 7 КО) жұдырықтасты.
Бос болған белбеу үшін титулды жекпе-жек он раундқа есептелген еді. Айқас толығымен өтіп, оның қорытындысы бойынша Мадиев төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Руслан нокудаунға түсіп қалған еді, алайда, ары қарай есін жиып, басымдығын көрсете білді.
Бұл Русланның карьерасындағы он жетінші жеңіс, ал Канега екінші рет жеңіліп отыр
Жарнама