Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) АҚШ-та өткізген алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Showtime Лос-Анджелесте ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде Батырдың қарсыласы пуэрториклық Сабриэль Матиас (17-1, 17 КО) болды.
Он екі раундқа есептелген айқас сегізінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшының командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Батыр төhтінші раундта нокдаунға түсіп қалғанын айта кетейік.
Жүкембаев - Матиас айқасы IBF ұйымының "төрттік турнирі" жарысының бір кездесуі болды. Екінші жұпта британиялық Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) мен аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) жұдырықтасады.