Нокдаунға түсті. Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде "шешуші" айқасын өткізді

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің қарсыласы ұлыбританиялық Кириан Макдонльд болды. Бұл айқаста қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:1. Ал үшінші раундта Сәкен нокдаунға түсіп қалғанын айта кетейік.
Осылайша, Сәкен карьерасындағы екінші Олимпиадасына аттанады. 2020 жылғы Токио Ойындарында Бибосынов қола жүлдегер атанған болатын.
Жарнама