Бокс
28 наурыз 2021 13:03
 

Нокдаунға екі түсіп қайта тұрған қазақстандық боксшы ресейлік экс-чемпионды есінен тандырды

  Пікірлер

blog.share

Нокдаунға екі түсіп қайта тұрған қазақстандық боксшы ресейлік экс-чемпионды есінен тандырды Сурет: RCC Boxing Promotions.

Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-1, 5 КО) кәсіпқойдағы 12-ші жекпе-жегін өткізді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-1, 5 КО) кәсіпқойдағы 12-ші жекпе-жегін өткізді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Калицкий RCC Boxing Promotions компаниясы Екатеринбургте ұйымдастырған бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы ресейлік Павел Маликов (16-3-1, 6 КО) болды.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы айқас сегіз раундқа есептелген болатын, алайда, бесіншісінде аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді. Айта кету керек, бірінші және екінші раундта Калицкийдің өзі екі рет нокдаунға түскен еді. 

 Осылайша, Калицкий карьерасындағы он бірінші жеңісіне жетті.

Маликов болса төртінші рет жеңіліп отыр. Ресейлік бұрын жеңіл салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы болған.

Жарнама

Живи спортом!