Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ресейде өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдегі айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нокдаун және камбэк92 келіге дейінгі салмқатағы қазақ боксшының қарсыласы ресейлік Егор Плоцын болды. Бірінші ранудта ринг қожайыны басым болды.
Бірақ кейінгі екі раундта Сағындық анық жеңіске жетіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңімпаз деп танылды. Оның үстіне үшінші раундта қазақ боксшы ресейлікті нокдаунға түсірді.
Айта кетейік, Сағындық тоғамбай Таиландта өткен Азия біріншілігінде чемпион атанған болатын.