Бокс
10 сәуір 11:17
 

Нокауттан кейін Әлімханұлын "Канеломен" айқасуға "кезекке" қойды

  Пікірлер

blog.share

Нокауттан кейін Әлімханұлын "Канеломен" айқасуға "кезекке" қойды ©instagram/janibek_alimkhanuly

Сарапшы орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) және америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 KO) жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сарапшы орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) және америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 KO) жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында қазақстандық боксшы жоғары салмаққа өтіп, атақты боксшылармен жұдырықтасуға дайын екен мәлімдеген.

Алайда сарапшылар мұны әзірге мүмкін емес деп отыр

"Оның (Әлімханұлының) амбицияға толы жоспары мақтауға тұрарлық, бірақ, қазіргі таңда Жәнібек бұл боксшылардың ешбірі үшін басты орында емес. "Канело" 3 мамырда жаңа чемпион Уильям Скуллмен жұдырықтасады, осылай екінші рет абсолют чемпион атануға мүмкіндік алады. Егер бәрі жоспар бойынша өтсе, қыркүйекте Теренс Кроуфордпен мега айқас болады. 

Ал Бенавидеске келсек, ол ары қарай да жанкүйерлер үшін керемет айқастар өткізе беруге уәде берген. Ол үшінші рет чемпион атанып отыр, осыдан оның бірінші қорғауында қарсыласы Каллум Смит болады", - деп жазады Secondsout басылымынан Керр Фергюсон.

5 сәуір Астанадағы бокс кешінде Әлімханұлы титулдарын сәтті қорғап, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші ранудта нокаутқа түсірді. 

Еске слайық, Альварес екінші орта дивизионда WBO, WBC, WBА титулдарына ие. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!