Нокаутпен жеңілістен кейін Дәурен Елеусіновтің келесі жекпе-жегі белгіленді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-2-1, 9 КО) 2 қазан Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-2-1, 9 КО) 2 қазан Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперорта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген. Қарсылас әзірге белгісіз. 36 жастағы Дәурен үшін бұл биылдыққа екінші айқас.
30 шілде Нью-Йоркте өткен кейінгі айқасында Елеусінов америкалық Джуниор Юнаннан (17-0-1, 11 КО) нокаутпен жеңілген еді.
Айта кетейік, Алматыдағы бұл бокс кешін Boxing Stars Management ұйымдастырады.
Жарнама