Бокс
17 тамыз 2020 09:36
 
"Нокаутқа түсіргенімді төреші есептемеді". Өзбекстандық "Құбыжық" рекорды бұзылған жекпе-жек жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Нокаутқа түсіргенімді төреші есептемеді". Өзбекстандық "Құбыжық" рекорды бұзылған жекпе-жек жайлы Сурет: Boxing News

Орта салмақта жұдырықтасатын өзбек боксшы Исраил Мадримов (6-0, 5 KO) WBA желісі бойынша іріктеу жекпе-жегінде америкалық Эрик Уолкерді (20-3, 9 KO) жеңгеніне қатсысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Бұл кездесу АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жектердің бірі болды. "Құбыжық" лақап атын иеленген Мадримов алғаш рет төрешілер шешімімен жеңіп отыр, мұның алдында ол бес қарсыласын да нокаутқа түсірген еді.

"Шынын айтсам, жекпе-жек мен ойлағаннан ауыр болды. Оны тоғызыншы раундта нокаутқа түсірдім, бірақ, төреші соққыны есептемеді. Дөп тиген болатын. Қарсыласым да қасарысып алатын боксшы екен. Қалай дегенмен бұл да бір тәжірибе болды. Нокаут көздемеген болсам, бұл айқас жеңіл өтер еді. 

Кездесу ортасында шаршаңқырап қалдым, сондықтан аздап іркілуге тура келді. Дегенмен ол уақытқа дейін де қарсыласымды тәуір есеңгреткен едім", - дейді Мадримов. 

Жарнама

Живи спортом!