Бокс
12 ақпан 2018 10:15
 

"Нокаут уақыт еншісінде. Головкин соққыны көп өткізетін болды" - Анхель Гарсия GGG мен "Канело" қарымтасы туралы

  Пікірлер

blog.share

"Нокаут уақыт еншісінде. Головкин соққыны көп өткізетін болды" - Анхель Гарсия GGG мен "Канело" қарымтасы туралы © The Guardian

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Дэнни Гарсияның (33-1, 19 КО) әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек жайында өз ойымен бөлісті.

Оның сөзінше, қарымта жекпе-жекте "Канело" батыл қозғалатын болады. Өйткені ол қарсыласын зерттеп алды. Анхельдің айтуынша, мексикалық өзі үшін жаңа салмақты қалай игеретінін бағамдады.

"Жеңу үшін Головкинді нокаутқа түсіру керек болады. GGG жақын келгенінде "Канелоға" басын төсеп жүрді. Альварес үшін бұл жақсы. Бірінші жекпе-жекте ол абайлап жұдырықтасты. Ол салмақ көтерді, дегенмен, Головкиннің өзінен ірілеу екенін сезді. Сондықтан абай болды. Енді Головкинді жеңе алатынына көзі жетті. Ол өзіне қолайлы категорияда екенін біледі. Ол орта салмақтың боксшысы. Не істеу керегін біледі.

Олардың бірі орта салмақтың патшасы атану керек. Дегенмен Головкин жас емес, 36 жаста, дұрыс па? Өткен жекпе-жекте ол соққыны көп өткізді, уақыт өте оны біреу нокаутқа түсіреді. Ерте ме, кеш пе болады. Жекпе-жектерін көрсеңіз, оны жиі соққы өткізіп жүргенін байқауға болады. Сондықтан нокаут - уақыт еншісінде", - дейді Гарсия Tha Boxing Voice радиосына.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген. Әзірге өткізетін орын таңдалмады. Лас-Вегас пен Нью-Йорк басты орындар ретінде қарастырылуда.

blog.share
Екі
салмақ
дәрежесіндегі
бұрынғы
чемпион
Дэнни
Гарсияның
(33-1,
19
КО)
әкесі
әрі
бапкері
Анхель
Гарсия
қазақстандық
Геннадий
Головкин
мен
мексикалық
Сауль
"Канело"
Альварес
арасындағы
қарымта
жекпе-жек
жайында
өз
ойымен
бөлісті.
/>
/> Оның
сөзінше,
қарымта
жекпе-жекте
"Канело"
батыл
қозғалатын
болады.
Өйткені
ол
қарсыласын
зерттеп
алды.
Анхельдің
айтуынша,
мексикалық
өзі
үшін
жаңа
салмақты
қалай
игеретінін
бағамдады.
/>
/> "Жеңу
үшін
Головкинді
нокаутқа
түсіру
керек
болады.
GGG
жақын
келгенінде
"Канелоға"
басын
төсеп
жүрді.
Альварес
үшін
бұл
жақсы.
Бірінші
жекпе-жекте
ол
абайлап
жұдырықтасты.
Ол
салмақ
көтерді,
дегенмен,
Головкиннің
өзінен
ірілеу
екенін
сезді.
Сондықтан
абай
болды.
Енді
Головкинді
жеңе
алатынына
көзі
жетті.
Ол
өзіне
қолайлы
категорияда
екенін
біледі.
Ол
орта
салмақтың
боксшысы.
Не
істеу
керегін
біледі.
/>
/> Олардың
бірі
орта
салмақтың
патшасы
атану
керек.
Дегенмен
Головкин
жас
емес,
36
жаста,
дұрыс
па?
Өткен
жекпе-жекте
ол
соққыны
көп
өткізді,
уақыт
өте
оны
біреу
нокаутқа
түсіреді.
Ерте
ме,
кеш
пе
болады.
Жекпе-жектерін
көрсеңіз,
оны
жиі
соққы
өткізіп
жүргенін
байқауға
болады.
Сондықтан
нокаут
-
уақыт
еншісінде",
-
дейді
Гарсия
Tha
Boxing
Voice
радиосына.
/>
/> Еске
салайық,
Головкин
мен
Альварестің
екінші
жекпе-жегі
5
мамырға
белгіленген.
Әзірге
өткізетін
орын
таңдалмады.
Лас-Вегас
пен
Нью-Йорк
басты
орындар
ретінде
қарастырылуда.
Бокс Головкин - Альварес

Жарнама

Живи спортом!