Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы боксшысы Сағындық Тоғамбай Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айқас екінші ранудта тоқтады
92 келіге дейінгі жартылай финалда қазақ боксшының қарсыласы қырғызстандық Бакыт Токтосун уулу болды. Сағындық басынан бастап-ақ басымдық танытты, ал екінші раундта қарсыласын есеңгіретіп тастады, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Сағындық техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, турнирдің алтыны үшін айқасады.
Сағындық Тоғамбай - Азия ойындарының (2022) және Азия чемпионатының (2022) қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол жастар арасындағы Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы.
Жарнама