Бокс
7 сәуір 10:05
 

Нокаут! Қазақ боксшының тегеурініне шыдамаған қарсылас бір раундта екі құлады

  Пікірлер

blog.share

Нокаут! Қазақ боксшының тегеурініне шыдамаған қарсылас бір раундта екі құлады ©x.com/ryansongalia/

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасында жеңіске жетті. АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде ол костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасында жеңіске жетті. АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде ол костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрешіге жекпе-жекті тоқтатуға тура келді

27 жастағы Бек пен 41 жастағы Диас арасындағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын. Алайда кездесу бірінші раундта аяқталды, қазақстандық боксшы қарсыласын 2 минут 23 секундта техникалық нокаутпен жеңді. Төреші қатарынан болған екінші нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатып тастады. 

Бұл қазақ боксшының кәсіпқой карьерасындағы 14-ші жеңісі, оның он екісін нокаутпен аяқтап отыр. Ал кейінгі жеті айда Бек үшінші рет рингке шығып отырғанын айта кетейік.

Екінші қазақтанстандықтан жеңілді

Ал Диастың қатарынан екі жеңіс сериясы үзілді. Былтыр мамырда ол өзге қазақстандық боксшы Али Ахмедовтен нокаутпен жеңілген еді.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет атақты мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып, онымен спаррингтер өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!