Бокс
6 қазан 2023 10:24
 

Нокаут. Ханчжоудағы финалда өзбек боксшы қарсыласын оңдырмады

  Пікірлер

blog.share

Нокаут. Ханчжоудағы финалда өзбек боксшы қарсыласын оңдырмады ©Olympic.uz

Өзбекстан құрамасының боксшысы Абдумалик Халоков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан құрамасының боксшысы Абдумалик Халоков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіде өнер көрсететін Халоков финалда жапониялық Шудаи Харадамен айқасты. Бұл жекпе-жекте өзбек боксшы оңай жеңіске жетті. Абдумалик қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіргеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтаты. Осылайша, өзбек боксшы техникалық нокаутпен жеңіп, Азиада чемпионы атанды. 

Халоков Ташкенттегі ӘЧ-де алтын алған және Азия чемпионы (2022 жыл). Жастар арасындағы Олимпиада (2018 жыл) мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2018 жыл).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!