Бокс
20 мамыр 2021 10:48

"Немен аяқталары белгісіз". ESPN сарапшысы Жәнібек Әлімханұлының ең қауіпті қарсыласпен айқасы жайлы

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жегі украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) кардының сәнін келтіреді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латынамерикалық журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді. 

Орта салмақтағы он раундқа есептелген жекпе-жек 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Бұл шоудың басты айқасында Ломаченко жапониялық Масаеши Накатанимен (19-1, 13 КО) жұдырықтасады.

"Бұл жақсы айқас. Ломаченко андеркардының сәнін келтіреді. Бранттың тәжірибесі бар. Ол әлем чемпионы болған және әрдайым жоғары деңгейдегі бокс көрсететін. Бұл Әлімханұлы үшін үлкен сын. Брант әлі де мықтылар қатарында, ол кез келген чемпионға қарсылас бола алады. Болжам жасау қиын, Бранттың тәжірибесі мол, ал Әлімханұлы жанып тұр және амбициясы бар. Брант жеңсе, элитаға орала алады. Ал қазақстандық үшін жеңіс топ боксшылармен жекпе-жектерге есік ашады. Бұл айқасқа көп дүние тігілген, сондықтан немен аяқталары белгісіз", - дейді Барбоза.