Екінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Али Ахмедов (16-0, 12 КО) IBO титулы үшін эквадорлық Карлос Гонгораға (18-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек бойынша пікір білдірді.
Жекпе-жекке дайындық туралы: Жаттығу лагерінде үлкен іс бітірдік, спаррингте де мықты жігіттер болды. Солақай жігітпен спарринг өткіздім. Сондықтан бұл кездесуге дайынмын. Бар назарым осы айқаста. Әрбір жекпе-жектің толық уақытына дайындаламын, бірақ, бұл бокс. Өткен кездесу жылдам аяқталды, алайда, келесіде не боларын білмейміз. Қандайда бір жоспар қоймаймын, ешқашан. Шығамын да, жұдырықтасамын.
Арманы жайлы: Алдағы жекпе-жек мақсатыма қарай үлкен қадам болады. Негізгі мақсат - абсолют чемпион атану, өз салмағымдағы барлық белбеуді жинау.
GGG үлгі болғаны жайында: Геннадий бәрімізге, жас жігіттерге бәрі де мүмкін екенін көрсетті. Мүлде басқа деңгейге көтерілуге деген ынтамызды ашты. Бағыт сілтеді. Геннадий мен үшін үлгі. Бірге жаттығып, үлкен тәжірибе жинақтадым - техникалық та, ментальді тұрғыда да.
Еске салайық, Ахмедов 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасады. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулерін қорғау үшін польшалық Камила Шереметамен (21-0, 5 KO) рингке шығады.