"Не болғанын түсінбей қалдым". Уайлдер Фьюреден жеңілген жекпе-жек жайлы пікірін білдірді
Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) британдық боксшы Тайсон Фьюреден жеңілген жекпе-жегіне байланысты бірінші рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтіп, 11 раундта Фьюридің жеңісімен аяқталды. Британиялық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Ал оған дейін екі боксшы да екі-екі реттен нокдаунда болған еді.
"Бар күшімді салып жұдырықтастым. Бірақ оның өзі жеткіліксіз болды. Не болғанын түсінбей қалдым. Фьюри 277 фунт (125 келіден көп) салмақ жинап алып, менің мысымды басқысы келді. Шынымды айтайын, ол дегеніне жетті", - деп келітері Уайлдердің сөзін ESPN басылымы.
Еске салайық, бұл боксшылар осымен үшінші рет кездесті. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа түсірген еді.
Жарнама