Бокс
23 сәуір 16:47
 

Назым Қызайбай Олимпиада үшін тиісті пәтер мен сыйақыны алмапты

  Пікірлер

blog.share

Назым Қызайбай Олимпиада үшін тиісті пәтер мен сыйақыны алмапты ©Тұрар Қазанғапов

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай осы күнге дейін Олимпиадада жүлдесі үшін берілетін пәтердің кілті мен сыйақыны әлі алмағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz Tengri Sport сайтан сілтеме жасап.

blog.share

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай осы күнге дейін Олимпиадада жүлдесі үшін берілетін пәтердің кілті мен сыйақыны әлі алмағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz Tengri Sport сайтан сілтеме жасап.

Мемлкет тағайындаған сыйақы

Еске салайық, Назым Қызайбай 2024 жылы Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленген. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ол 75 мың АҚШ доллары көлемінде (шамамен 39,2 миллион теңге) сыйақы алуы тиіс.

"Олимпиада ойындарындағы қола жүлде үшін мемлекеттік 75 мың доллар көлеміндегі сыйақыны әлі жіберген жоқ, басқа спортшылар да әлі алған жоқ. Меніңше, ешкімге берілмеген сияқты. Өйткені жеке өзім естіген жоқпын", – дейді Назым.

Сондай-ақ, боксшы Алматы қаласы әкімдігі кілтін табыстаған пәтерді де әлі алмағанын айтты.

"Олимпиададан кейін бізге Алматы қаласынан көлік, пәтерге сертификат және ақшалай сыйлығы берілді. Сол кезде көлік пен ақшаны бірден табыс етті, бірақ пәтерді бір жарым–екі айда береміз деген. Бірақ қазірдің өзінде алты айдай уақыт өтті. Жақында ғана басқармадан хабарласып, спортшылардың барлығы қалада жиналған кезде кілттерді салтанатты түрде табыстайтынын айтты. Енді соны асыға күтіп отырмыз", – деп қоса кетті Назым.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!