50 келіге дейінгі салмақта "Странджа кубогіне" қатысып жатқан Назым Қызайбай Болгариядағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Финалға берілетін жолдаманы француз боксшысы Роман Мулаимен сарапқа салып, жерлесіміз 5:0 есебімен жеңіске жетті. Төрешілердің барлығы бір ауыздан Қызайбайдың мықты екендігін мойындады. (29:28, 30:27, 29:28, 29:28, 30-27).
Бүгін, 25 ақпан күні Қазақстан атынан басқа да былғары қолғап шеберлері шығады. Спортшылардың жекпе-жектерін мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.