Намысты қолдан бермей. Қазақ боксшы Олимпиадада екінші айқасын өткізді

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді.
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді.
63,5 келіде өнер көрсететін Мұхаммедсабыр тайбэйлік Чу Энь Лаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта төрешілердің бөлек шешімімен қазақ боксшы басым болды.
Екінші раундта да Базарбайұлы жеңді - 3:2. Ал үшінші раундта Мұхаммедсабыр 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, анық жеңіске жеткен қазақ боксшы 1/4 финал кезеңіне өтті. Енді 1 тамызда ол грузиялық Лаша Гурулимен айқасады.
Жарнама