Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшелерінің бірі Надежда Рябец "Странджа кубогінің" жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рябец ресейлік Елена Гапешинамен жұдырықтасты. Ширек финалда өткен үш раундта да жерлесіміз үстемдік танытты. Осы жеңістің арқасында отандасымыз кем дегенде қола медальді иеленеді.
Еске салайық, Болгария астанасындағы ішкі әлем чемпионатында жартылай финалға осыған дейін 50 келіге дейінгілер арасында Назым Қызайбай жолдама алды.