Бокс
18 шілде 15:41
 

Мырзағали Айтжнаов боксшылардың Олимпиадаға дайындығы жайлы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Мырзағали Айтжнаов боксшылардың Олимпиадаға дайындығы жайлы айтып берді ©Qazsport

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы "Алма-тау" базасында Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы "Алма-тау" базасында Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов спортшылардың бабында екенін айтып, барлық боксшыдан үміт күтетінін жеткізді. 

"Қазір менен командадада фаворит кім деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды дәл бұлай бөлуге болмайды. Себебі, Олимпиаданың рухы бөлек. Бұл жарыс басқа бәсекелермен тең келмейді. Сондықтан, олимп шыңына ең мықты деген спортшылар шығады.

Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды. Оның үстіне, салмақ дәрежелері де аз, жетеу ғана.

Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін. Қазір командада төрт әлем чемпионаты, екі Олимпиада жүлдегері бар. Барлық жігіттер тәжірибелі. Енді тәжірибесін шеберлікпен ұштастырып, Олимпиадада жақсы өнер көрсету ғана қалды", - дейді бас бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!