Бокс
27 мамыр 2020 11:17

"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

Сурет: mirror.co.uk
Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутқа түсіретін бірінші боксшы бола алады. BoxingScene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран осындай пікір білдірді. 

"Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шыққан керемет болатын еді. Мықты айқас болары сөзсіз", - дейді промоутер. 

Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-ші ранудта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастады.

Еске салайық, мұның алдында мексикалық боксшы қазақстандық Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келісі қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған. 

Қанат Ислам "Канело" кардында 28 нокауты бар мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады