Бүгін, 6 қараша Амманда (Йордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан Сабырхан Махмұт кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сабырханның (54 келіде) қарсыласы моңғолиялық боксшы Дорьныамбуу Ганболд болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Сабырхан қарсыласын еш мүмкіндік бермей 5:0 есебімен таза жеңді.
Ал соңғы үшінші раундта амалы таусылғаннан моңғолиялық күрескісі келді ме Сабырханмен клинчке төрт рет кірді. Сонымен қоса, қазақ боксшының соққыларынан Ганболдтың мұрнынан қан кетті.