Мұрны сынды. Нокаутпен жеңілген спортшы жекпе-жектен кейін бапкерінен таяқ жеді
"Балта" лақап атты ресейлік спортшы Максим Щербаков бұрынғы бапкері Альберт Кармазянмен төбелесті. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлап отыр.
"Балта" лақап атты ресейлік спортшы Максим Щербаков бұрынғы бапкері Альберт Кармазянмен төбелесті. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлап отыр.
Оқиға Щербаковтың отандасы Максим Новоселовпен жекпе-жектен кейін болған. Бокс ережесі бойынша өткен бұл кездесуде "Балта" екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Кикілжің шешінетін орында болған. Алдымен ер адамдар бір-біріне дауыс көтере бастады, артынан жанжал төбелеске ұласты. Салдарынан Максимнің мұрны сынып, бас миы шайқалған.
Бапкердің сөзінше, жанжалды бастаған боксшы екен.
"Адамның агрессиясы артып тұрған сияқты. Өзін адекват ұстамады. Ал мен жеке қауіпсіздігім үшін ғана әрекет еттім", - дейді Кармазян. Сонымен қоса, маман төбелестен кейін боксшымен сөйлесіп, арада ешқандай қайшылықтар қалмағанын айтады.
— Drafts 3.7 (@3Drafts) January 29, 2022
Жарнама